«Табиғат-тал бесігім»

Табиғат-бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы,аяулы бесігі,өсіп -өнетін мекені. Табиғатсыз адамдардың күні жоқ. Адам – табиғат перзенті. Біздің міндетіміз жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңіру. Осыған орай  жыл сайынғы өтетін 22-қыркүйек Тілдер мерекесіне байланысты №90 «Еркежан» балабақшасында «Табиғат-тал бесігім» атты суреттер көрмесі өтті. Бұл іс-шарада балабақшамыздың тәрбиеленушілері тәрбиеші мен ата-аналар көмегімен әсем табиғатымыздың бейнесін суреттеді. Көрме музыкалық залда ұйымдастырылды. Осындай көрмеге қатыса отырып балалар өз елінің өмірімен жақынырақ танысып, табиғатымыздың сұлулығын көріп олардың Отанға деген сүйіспеншіліктері арта түсті.